Нысандардың құрылысына шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс және әрлеу жұмыстары аяқталды, енді сыртқы инженерлік желілер салынып жатыр. Ғимараттар 2025 жылдың соңына дейін беріледі деп жоспарланып отыр.
«ҚазМұнайГаз» тұрақты даму қағидаттарына сәйкес үздік еңбек жағдайларын жасауға және жайлы жұмыс ортаны құруға бағытталған жобаларға өзі бастамашылық ете отырып, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен амандығы мәселесін үнемі назарда ұстайды.