К 30-летию Независимости Казахстана | 18 наурыз 13:43

«Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолы салына ма

Көлік министрлігі агенттіктің «Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолын салу мүмкіндігіне қатысты сауалына жауап берді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жүк тасымалының өсу қарқынын қамтамасыз ету және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту үшін министрлік ірі жобаларды іске асыруда.

Атап айтқанда, 2022 жылы «Достық-Мойынты» екінші жолының құрылысы басталды. 2023 жылы «Алматы станциясын айналып өтетін айналма жол», «Дарбаза-Мақтаарал» жаңа теміржол желісі және «Бақты-Аягөз» Қытаймен шекарада үшінші шекара өткелінің ашылуымен іске қосылды.

"Қазіргі таңда, ағымдағы экономикалық жағдайды және қаржының шектеулігін ескере отырып, жоғарыда аталған жобалар аяқталғаннан кейін «Қызылорда-Жезқазған-Ұлытау-Арқалық» темір жолының қарастырылу мүмкін екендігін хабарлаймыз», - деді министрліктен.