«Самұрық-Қазына» және БҰҰДБ-ның бірлескен бастамасы аясында Қызылорда облысының әлеуметтік осал топтағы шамамен 100 тұрғыны келесі тақырыптар бойынша бағдарламалардан өтуге мүмкіндік алды:
Қаржылық сауаттылық; Жұмыс табу және түйіндеме толтыру; Неке-отбасылық және еңбек қатынастарын құқықтық реттеу; Алаяқтар мен қаржы пирамидаларының арбауына түспеу; Жұмыс жөніндегі сұхбатқа дайындалу.Қордың портфельдік компаниялары – «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» және «Қазақтелеком» – 27 адамды тағылымдамаға қабылдады.
Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» тобында басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 17%-ды құрайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделген.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды, соның ішінде әйелдерді жұмысқа алуға ерекше ден қойылады. Қор олардың кәсіби өсуі мен дамуына жағдай жасап, барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктер болуын қамтамасыз етеді.