К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қазан 11:28

Қызылордада алғашқы 900 орындық жайлы мектеп шәкірттерді қабылдады

Заманауи білім ошағы облыс орталығының Сол жағалауында ораласқан. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов қатысты.

 

Мердігер ұйым - жергілікті «СК Дәнекер» ЖШС. Бұл ел бойынша қолданысқа енгізілген тұңғыш 900 орындық жайлы мектеп. Жалпы 208 білім ошағының арасында бір кезекте 900 оқушыға арналған 26 нысан бой көтеруде. Айта кету керек, бұл қаланың сол жағалауында тұрғызылған алғашқы мемлекеттік мектеп. Ұл-қыздар осыған дейін шаһардың оң жағалауына қатынап, оқыған болатын. Бұл кемі жарты сағаттық жер. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасының арқасында өткір мәселе шешімін тапты.

 

Жайлы мектептің аумағы 9700 шаршы метрден асады. Үш қабатты нысанда 40-қа жуық кабинет қарастырылған. Одан бөлек, екі кіші және бір үлкен спорт зал бар. Оқушылардың таңдайын қақтырған келесі жаңашылдық – робототехника кабинеті, stem-зертхана мен хореография залы. Оқу сыныптарының жабдықталуын ұстаздар қауымы да жоғары бағалап отыр. Әсіресе физика, химия мен биология пәндерін тереңінен зерттеп, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекітуге барынша жағдай жасалған.