6 мамырда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде өткен жиында Қайрат Сақтағанов Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Аманқос Мұңғаловты «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен марапаттап, оған Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хатын табыс етті.
Аталған жиында өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Бауыржан Ләтіп Маңғыстау облысы әкімдігінің Алғыс хатымен, жетекші инженер Артур Бегман «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің басшысы әріптестеріне лайықты жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да еңбектеріне табыс тіледі.