Кедендік одақ шеңберінде дизельдік отынға құрамында күкірттің болуына байланысты қатаң талаптар қойылған. Күкірттің көлемін азайтудың негізгі тәсілі – гидротазалау. Алайда оны тым терең қолдану отынның төзімділігін төмендетеді, сондықтан өндірушілер оған арнайы қоспалар қосады.
Өндірістік есептерді зерттей келе Шымкент зауыты отын сапасын жоғалтпастан өте қымбат тұратын қоспалардан үнем жасау жолын тапқан. Шығындарды оңтайландыру тапсырмасы жоба менеджері Айгүл Талдыбаеваға жүктелген болатын.
«Компьютерлік жобалық оптимайзерді қолдану арқылы және зауыт технологтарының көмегімен қоспаларды ең тиімді математикалық мөлшерін анықтай алдым, – дейді Айгүл. – Нәтижесінде шығын екі есе қысқарып, мөлшер тұрақтанды. Бұл ретте дизельдік отынның сапасы да еш төмендемей, технологиялық процеске еш зиянын тигізген жоқ. Осы жобаны енгізген бір жылда зауыт 210 млн теңге үнемдеді».
Lean 6 Sigma бағдарламасы үнемді өндіріс үшін қолға алынған болатын. Ол жұмысшылардың санасына ықпал ете отырып, өндірісте тұрақты түрде тиімді инновациялар енгізуге негізделген.
«Бағдарламаға қатысу арқасында мен кез келген мәселені шешуге жаңаша көзқараспен қарайтын болдым. Mini Tab компьюетрлік бағдарламасы мен талдаудың статистикалық тәсілдерін меңгердім, – дейді Айгүл Талдыбаева. – Мен бүгінде өндірістің қай тұсында дәне қалай оны жақсартуға болатынын ойланып жүремін. Біз әріптестерімізбен бірге команда ішіндегі өзара ықпалдастықты да жолға қоя білдік. Мұның бәрі жұмысшыларды тиімділікке ынталандырып қоймай, қаржылық пайдасын да беріп отыр».
2016 жылы Lean 6 Sigma бағдарламасы енгізілгелі бері 124 жоба жүзеге асырылса, олардың экономикалық тиімділігі 813 миллион теңгені құраған.