Сәтжан Аблалиев пен Эгидиюс Навикас екі ел арасындағы теміржол және автокөлікпен жүктерді тасымалдау көлемінің оң динамикасы байқалғанын атап өтті.
Тараптар келесі жылдың I тоқсанында Вильнюс қаласында Қазақстан мен Литва арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі алдағы үкіметаралық комиссия шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстандағы Литва дипмиссиясының басшысы тікелей әуе қатынасын қалпына келтіру, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға қызығушылық білдірді.