Сынақтық сапарға салмағы 6300 тонналық жүк пойызы жөнелтілген.
Автожүргізу жүйесі нақты уақыт тәртібінде жол жүрудің жылдамдық траекториясын локомотив бортында есептейді. Мұнда локомотивтің тартымы мен тежеу сипаттамалары, жылдамдықты шектеу бойынша мәліметтер, бағдаршам көрсеткіші, сондай-ақ құрамның ұзындығы мен салмағы, жолдың пішіні, қозғалыс кестесі есепке алынады. Ақпарат машинист кабинасында орнатылған дисплей экранында көрініс табады. Автожүргізу жүйесі бар жұмыс мәзірі ұялы телефонды еске салады.
"Автожүргізуді енгізу жол жүру уақытында шаршау мен психофизиологиялық жүктемені төмендету есебінен машинистердің еңбек өнімділігін арттырып, локомотив бригадасының еңбек жағдайын жақсартып, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді", - дейді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Котырев.
Алғашқы дайындықтан өткен машинистер 2019 жылдың соңында жүйені дербес кәдеге жаратқан райда, пойыздарды жүргізеді деп жоспарлануда.
Автожүргізуді KZ4AT сериялы жолаушылар және KZ8A сериялы жүк электровоздарында, ТЭП33А сериялы жолаушылар тепловозында қолданысқа беру жоспарланған.