Маусымдық дайындықты жүргізу – локомотив паркінің сенімділігін арттыруға, жазғы кезеңде жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шаруашылық пен кадрларды даярлауға және тұтастай алғанда поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар болып табылады. ⠀ Құрамына пайдалану деполарының басшылығы және локомотив қабылдаушылар кіретін арнайы комиссия қарап-тексерудің нәтижесін бақылайды. ⠀ Локомотивтерді жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындау рәсімі 30 мамырда аяқталады.