Депо басшылары кәсіпорынның жұмысы туралы жан жақты айтып берді, және де ВЛ80, 2ТЭ10, ТЭМ-2 сериялы локомотивтердің доңғалақ жұптарын жөндеу цехын, сондай-ақ ТЭ33А сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсету барысымен таныстырды.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін локомотив депосының техникалық мүмкіндіктері, соның ішінде жұмыс сәттері талқыланды, сондай-ақ локомотивтердің жөндеуде болу мерзімін азайту мәселелері пысықталды.
"Тартқыш жылжымалы құрамды сапалы жөндеу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді және көп жағдайда локомотив паркін пайдаланудың тиімділігін анықтайды. Біз алдымызға локомотивтердің жоспарлы әр түрлі жөндеуде болуы уақытын азайтуды алдымызға міндет етіп қойып отырмыз", - деп атап өтті Қанат Көбесов.
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-да локомотивтердің техникалық жағдайын жақсарту шаралары жүзеге асырылуда. Локомотивтерді жөндеу сапасына тұрақты негізде аудит жүргізіледі. Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттеріне және сервистік орталықтарға оларды қажетті материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізіледі.