К 30-летию Независимости Казахстана | 29 қазан 09:20

Lufthansa Group Тель-Авивке рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты

Таяу Шығыста болып жатқан оқиғаларға байланысты Lufthansa Group халықаралық авиация концерні ұшу кестесін, атап айтқанда Austrian Airlines, Brussels Airlines, Lufthansa және SWISS әуе компаниялары үшін түзету туралы шешім қабылдады.

Бұл түзету келесі аймақтарға әсер етеді:

Тель-Авивке және одан шығатын рейстер 2024 жылдың 25 қарашасына дейін тоқтатылды. Тегеранға және одан кері рейстер 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін тоқтатылды. Бейрутке және одан кері рейстер 2025 жылдың 28 ақпанына дейін тоқтатылды.

Lufthansa тобы жағдайды мұқият қадағалап отыруды жалғастыратынын және алдағы күндері оны әрі қарай бағалайтынын атап өтті.

- Зардап шеккен жолаушылар кейінірек тегін брондауға болады немесе баламалы түрде ақшасын толық қайтара алады. Жолаушыларымызға келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әрқашан біздің басты басымдық болып табылады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Qatar Airways Иранға, Иракқа және Ливанға рейстерді тоқтатты, сондай-ақ шиеленістің күшеюіне және Израильдің Иранға соққысына байланысты Иорданияға рейстерді шектейді.