Онлайн жарнама, шетелге шығарылған активтерді кері қайтару туралы заңдардың талаптары мен тиімділігі туралы атап өткен Бақтықожа Ізмұхамбетов «Amanat» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы көздеген негізгі мақсат – әлеуметтік ахуалды арттыру, халықты қолдау екенін жеткізді: «Жоба аясында елдімекендерді инфрақұрылымдық жобалармен қамту қарастырылған. Бұған қоса, әлеуметтік қолдау шараларын жүргізу, экологиялық талаптардың сақталуы да аса маңызды».
Өз кезегінде «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов облысқа іссапары аясында Компания ұжымымен арнайы кездесуге келген Мәжіліс депутатына алғыс білдіріп, «Ембімұнайгаз» компаниясы аталған ұстанымдарды қолдайтынын жеткізді.
Мәжіліс депутаттарының Атырау облысына іссапары аясындағы кездесулер облыстық әкімдікте жалғасты. Депутаттар Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов қатысқан басқосуға «Ембімұнайгаз» АҚ, «Теңізшевройл» ЖШС және North Caspian Operating Company N.V. компаниясының өкілдері шақырылды. Жиында әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар және көгалдандыру тақырыптары қозғалды.