«Нарық субъектілерінің фискалдық деректер операторына ақпарат беру жөніндегі міндеттемелері кеңейтіледі. Бұл бөлшек сауданың көлемі, бағасы, нақты уақыты мен орны туралы ақпаратты қамтиды. Сонымен қатар, сұйытылған газ нарығының инфрақұрылым нысандарының анықтамалары мен функционалдық мүмкіндіктері нақтыланада. Бұл өнеркәсіптік кешендерге, жанармай құю станцияларына, газ құю станцияларына, газ тарату қондырғыларына және басқа да нысандарға қатысты», - деді Мәжіліс депутат Екатерина Смышляева.
Оның айтуынша, сұйытылған газды өндіруден тұтынушыға өткізуге дейінгі тізбектегі ұйымдарды есепке алу тәртібі ұсынылып отыр.
«Сонымен қатар, заң жобасы энергетика саласындағы уәкілетті органға сұйытылған газға баға белгілеу әдістемесін анықтау, оны өндіру сатысында да, бөлшек саудада өткізу сатысында да реттеу құқығын беруді көздейді. Енгізіліп жатқан өзгерістер нарықты реттеу үдерісін қайта қараумен қатар, оны толық автоматтандыруға және Энергетика министрлігінің ақпараттық жүйесіне енгізуге дайындауға мүмкіндік береді», - деді депутат.