Мәжілісте Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы бірқатар келісімді ратификациялау, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі келісім арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша мультимодальды тасымалдарды дамыту маңыздылығы атап өтілді. Бұл Қазақстан мен Қытай аумақтары бойынша жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
– Транскаспий халықаралық көлік бағдарын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім екі елдің аумағы бойынша контейнерлік пойыздар үшін экспорттық-импорттық, транзиттік тасымалдарды ұлғайту жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі дамытуды көздейді. Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісім де бар. Құжат түркі мемлекеті арасында темір жол, су және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемін арттыруға жол ашады, – деді Е.Қошанов.