МӘМС бойынша тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, гормондарға талдаулар, КТ/МРТ және басқа да қажетті диагностикалық қызметтер қолжетімді болуы үшін жүйеде сақтандырылған болу шарт. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандыру мәртебесін білудің бірнеше жолын түсіндіріп берді.
Egov.kz электрондық үкімет порталы. Ол үшін "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру" қызметін табу, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басу, ЖСН-ді енгізу қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты. "Мәртебені анықтау" қалқымалы терезесі сайт бетінің оң жақ бұрышында орналасқан. Оны басу және ЖСН-ді енгізу жеткілікті. Goldau 24/7 мобильді қосымшасы. PlayMarket немесе AppStore-да қосымшаны жүктеп алыңыз. Мәзірде "Сақтандырылу мәртебесін тексеру" бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айға төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады. Telegram-дағы @SaqtandyrýBot. Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін "Сақтандыру мәртебесін анықтау" бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз. Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің жағдайы мен бар-жоғы туралы ақпарат көрсетіледі.Дәрігерге қалай қаралуға болады?
Сақтандырылған мәртебесі бар адамдардың МӘМС тізбесі бойынша сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдалануға құқығы бар. Медициналық қызметке жүгіну үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне бекітілгенін тексеру қажет. Бекітілмеген жағдайда, egov.kz сайты арқылы өтінім беруге болады.
Одан кейін учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Көрсетілімдер болған кезде дәрігер базалық немесе кеңейтілген талдаулар тізбесіне жолдама жазады, қажет болған жағдайда сіздің денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау және емдеуді тағайындау үшін диагностикалық тексеруге немесе тар бейінді маманның консультациясына жібереді. Бұл қызметтердің барлығын МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді, пациент олар үшін ақы төлемейді.