К 30-летию Независимости Казахстана | 15 мамыр 13:16

Мамыр айындағы мереке күндері 317 мыңнан астам жолаушы ҚТЖ пойыздарымен тасымалданды

Теміржол көлігі жолаушылар үшін ең қолайлы әрі қолжетімді тасымалдау жүйесі болып саналады. Биылғы жылдың 1 және 9 мамыр аралығында ҚТЖ-ның еншілес кәсіпорны - «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 317 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.​

Ал жолаушылар 7 және 9 мамыр аралығында сапарға жиі шыққан. Бұл күндері 112 мың жолаушы тасымалданды. Мереке күндері жолаушылар арасында Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей бағыттары бойынша жүретін пойыздар сұранысқа ие болды.

Пойыздың басқа көлік түрлеріне қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Теміржол көлігі кез-келген ауа-райында тасымалдауға дайын. Айта кетейік, жыл сайын ҚТЖ қызметін 13,5 млн-нан астам жолаушы пайдаланады.