К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мамыр 07:58

Мамыр марапаттары

«Жылыоймұнайгаз» МГӨБ ұжымы мен кәсіподақ ұйымы мамыр айындағы мейрамдарды атап өтуді мәртебелі мұнайшыларды марапаттаумен бастады.

1-мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні және 9-мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай кәсіпорында абыройлы еңбек етіп, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, ұжымның қоғамдық өміріне, кәсіподақ ұйымының жұмысына белсене араласып жүрген басқарманың 8 жұмысшысы «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында зерттеу жұмыстары цехының операторы Нұрлыбай Бижанов, Құлсарыдағы ұңғыларды жерасты жөндеу цехының басшысы Асылбек Ұлжанов, Прорвадағы арнайы техника және арнаулы көлік керуенінің жүргізушісі Сайран Көрпебаев, Прорвадағы мұнай және газ өндіру хехының №1 С. Нұржанов атындағы кен орны бригадасының геологы Марат Сапарғалиев және өзгелер бар.

 

Сонымен қатар, басқармада еңбек ететін барлық ер азамат кәсіподақ мүшелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.