К 30-летию Независимости Казахстана | 23 желтоқсан 09:28

Маңғыстастаумұнайгаз: Жаңа жылдық шырша шаттығы

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының әртістері мұнайшы балаларды қуантты. Жаңа жыл мерекесін асыға күтетін балапандар үшін ерекше шаттанған, есте қаларлық сәт болды.

«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы жұмысшыларының балаларына жаңа жылдық шыршаны тамашалауға мүмкіндік сыйлады.

Жаңа жыл мерекесі, әсіресе, балалар үшін үлкен қуаныш. Қуыршақ театырының фойесінде жаңа жылдық шырша жағылып, кішкентай көрермендеріміз әсем ән айтып, мың бұрала би билесе, бірі интермедиялық ойындарға қатысты.

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директорының әкімшілік-әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ермек Коптлеев мерекелік іс-шараға қатысып, балаларды Жаңа жыл мейрамымен құттықтады.

«Баршаңызды «Маңғыстаумұнайгаз» басқарма басшылығы атынан келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Соңғы жылдары балапандарға осындай қуаныш сыйлап, мереке жасауға әртүрлі себептермен мүмкіндік болмады. Енді, қиыншылықтың бәрі артта қалсын, елімізде мерейлі мерекелер көп болсын. Еліміздің игілігі үшін істеп жатқан еңбектеріңіз орасан. «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы қызметкерлеріне, отбасыларына бар жақсылықты тілейміз», – деді Ермек Коптлеев.

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шаралар легі 31 желтоқсанға дейін жалғасады.