К 30-летию Независимости Казахстана | 07 қараша 11:30

Маңғыстау мұнайшылары ағылшын тілін меңгерді

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас кеңсесінде DynED бірегей әдістемесінің NEO бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқытатын «Interres Central Asia / ИнтерРес Орта Азия» ЖШС арнайы курсынан өткен компания қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.

Кездесуде «Interres Central Asia / ИнтерРес Орта Азия» ЖШС Бас директоры Уитни Джеффри бағдарлама қатысушыларына оқу курсын сәтті аяқтағаны үшін алғыс білдірді.

«Әлемдік деңгейде IT негізінде ағылшын тілін оқыту бағдарламасына компания қызметкерлері үлкен қызығушылық танытты. Біз әрқашан әріптестікті нығайта отыра, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Істеріңізге сәттілік тілеймін», – деді «Interres Central Asia / ИнтерРес Орта Азия» ЖШС Бас директоры Уитни Джеффри.

 

«Маңғыстаумұнайгаз АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов өз кезегінде ағылшын тілін үйрену компания үшін өте үлкен маңызға ие екенін атап өтті.

«Бұл – әлемге белгілі әрі бірегей бағдарлама. Ағылшын тілі курсына компания қызметкерлерімен қатар мен де қатыстым. Қазіргі таңда ағылшын тілі үлкен сұранысқа ие, білім мен ғылым, технология саласында ағылшын тілін меңгерудің маңызы зор. Сондықтан алыс-жақын шетелдермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының менеджерлері ағылшын тілінің кемінде ең әуелгі сатысын білуі аса қажет,тіл білу - үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Дәулетжан Хасанов.

«Interres Central Asia / ИнтерРес Орта Азия» ЖШС ағылшын тілін қазіргі заманға сай «DynEd ®» әдістемесімен оқытады. «DynEd ®» жүйесін әлемнің 14 елінің Білім министрліктері, соның ішінде Түркия, Таиланд, Қытай және т.б. мақұлдаған, сондай-ақ оқыту әдісін 70-тен аса мемлекетте 27 миллионнан астам адам қолданады. NEO бағдарламасы негізінде ағылшын тілі курсынан сәтті өткені үшін 35 қызметкерге арнайы сертификаттар табысталды. Соның ішінде екі қызметкер оқыту бағдарламасының төрт деңгейін жоғары нәтижемен аяқтап отыр.

 

«DynEd ®» жүйесі 30 жылдан астам уақыт бұрын АҚШ-та құрылған, 45-тен астам халықаралық IT негізінде тілдік білім беру саласындағы марапатқа ие. Бұл бағдарлама 2018 жылы Астана және Шымкент қалаларының университеттерінде сәтті сынақтан өтіп, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мақұлдаған.

«Interres Central Asia / ИнтерРес Орта Азия» ЖШС 6 жастан бастап ересектерге дейін, жас балалар мен студенттерге, мамандар, мұғалімдерге, мамандарға, сондай-ақ басшыларға ағылшын тілін оқытады.

Мұнда әрбір адам өзіне ыңғайлы кез келген уақытта оқумен қатар, алған тілдік дағдыларды үйренетін топтық сабақтарға қатысуына, ай сайын оқу үлгерімі туралы жеке есеп алуына болады.