"Арыстағы төтенше жағдай бүкіл Қазақстан халқын біріктірді. Қысылғанда көмекке дайын тұратын халқымыздың ұйымшылдығы мен бірлігіне куә болып отырмыз. Еліміздің азаматтары қайғылы оқиғаға тап болған арыстықтарға барынша қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жатыр. Бұл жағдайды біздің компанияның мұнайшылары да зор алаңдаушылықпен қабылдады. Әлеуметтік жауапкершілік – біздің компания саясатының басым бағыты", - деген Компания бас директорының әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жетібай Төлеғожаев Арыстағы ағайынмен бірге екендіктерін білдіріп, қаза болған азаматтардың туған-туыс, жақындарына көңіл айтты және жарақат алған жандардың тез сауығып кетуін тіледі.