Шараға «AMANAT» партиясы Ақтау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Анар Шамшадинова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрайымы Нұрсұлу Сейдалыева, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілік-әлеуметтік мәселелер департаменті директорының орынбасары Нұрлан Илмуханбетов және «Маңғыстаумұнайгаз» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғани Әбдісадық қатысып, республикалық акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен жалғыз басты аналарға мектепке қажетті құралдармен жабдықталған сөмкелер табыстады.
Жалпы, қайырымдылық шарасы нәтижесінде мұқтаж отбасы балаларына мектепке қажетті құралдармен жабдықталған 29 жиынтық таратылып берілді. Шараның жалпы құны 517 670 теңгені құрады. Қаражат «Маңғыстаумұнайгаз» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің айлық жарналары есебінен партиялық қаржыландыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.