К 30-летию Независимости Казахстана | 05 мамыр 08:21

Маңғыстау мұнайшылары диктант жазды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық диктантына қатысты.

Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

«Маған диктант жазу ұнады, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған өте жақсы іс-шара болды. Мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңіндегі әрбір жастың жауапкершілігін сезіндіре білді. Қазақ жастары – елмен бірге өскен ұрпақ. Эстафетаны аға буыннан қабылдап, еліміздің өркендеуін қамтамасыз ету қажет», – дейді кадр маманы Жанна Исмуханбетова.