Таяуда қаржы департаментінің басшысы Шолпан Ильмуханбетова бастаған "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жұмысшылар тобы Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерімен бірлесіп, түсіндіру жұмыстары аясында Қаламқас (II вахта) мұнайшыларымен кездесті. Кездесу барысында мамандар қол жетімді және түсінікті түрде қызметкерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ eSalyq azamate қосымшасы арқылы 250 нысан бойынша декларацияны қалай толтыру керектігін нақты көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, 01.02.2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Салық кодексінің талаптарына сәйкес "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның барлық қызметкерлері 2022 жылға арналған салық декларациясын тұрғылықты (тұратын жері) жеріндегі салық органына тапсыруға міндетті.
Бүгінгі таңда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысшыларының 70 пайыздан астамы декларация тапсырып үлгерді.
Декларацияларды берудің соңғы мерзімі:
қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей; электрондық нысанда тапсырған жағдайда – ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.