К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қазан 16:41

Маңғыстау мұнайшылары «MMG RUN DAY» жеңіл атлетикалық марафонына қатысты

Ұжымдық спорт бүгінде көптеген компаниялардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері аталған үрдісті қолдау мақсатында 1 қазанда Ақтауда өткен «MMG RUN DAY» жеңіл атлетикалық марафонына қатысты.

Мұнайшылар ерлер мен әйелдер арасында 5 және 10 км қашықтыққа жүгіруден (аралас құрам) жарысқа қатысты. Нәтижесінде әйелдер арасында 5 км қашықтыққа жүгіруден жеңімпаздар:

Гүлмаржан Тұяқбаева, КҚД ҚБҚ техник-жобалаушысы (уақыты – 29.35.38); Қарлығаш Абаканова, ҚД маманы (29.46.18); Гүлдана Сақтапбергенова, еңбек жөніндегі экономист (35.31.80)

Ерлер арасында 5 км қашықтықта жүгіруден жүлделі орындар:

Елемес Құлшабай, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ машинисі (уақыты – 22.20.25); Абылай Шәріп, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ МДӨЦ бастығының орынбасары (22.59.43); Саламат Төленов, ҚД бухгалтері (25.48.25)

 

10 шақырымдық жарыс жеңімпаздары:

Ерлан Әлібаев, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ машинисі (уақыты – 45.06.09); Әділ Темірхан, Бас директордың көмекшісі (50.01.40); Ержан Кумысов, КИПиМО ГС инженер-электронигі (52.00.51)

"Марафон ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Марафон - бұл сіздің күшіңіз бен қабілетіңізді тексеру, әрқашан керемет атмосфера, пікірлес адамдармен және әріптестермен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі. Мен спорт пен салауатты өмір салтының қаншалықты маңызды екенін көрсетуге дайын адамдар санының артып келе жатқанына қуаныштымын", - дейді Гүлмаржан Тұяқбаева.

Айта кетейік, бірінші орын алған қызметкерлер 7 қазанда Астанада өтетін «KMG RUN DAY» 5 және 10 шақырымдық марафонға қатысуға жолдама алды.