К 30-летию Независимости Казахстана | 23 сәуір 12:02

Маңғыстау мұнайшылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының шеңберінде сенбілік ұйымдастырды.

Табиғатты қорғау мақсатында Маңғыстау облысының ең көрнекті орындары болып танылған Қарақия ойпатын тамашалау алаңы мен ойпаттағы бұлақ көзі аймақтары қоқыстардан тазартылды.

Сенбілікке компанияның елуден астам қызметкерлері қатысып, үш тоннадан астам қоқыс жиналды.

«Бұл өңіріміздің бірегей табиғаты мен туған жеріміздің тазалығын сақтау мақсатында жасалған маңызды қадам. Біз табиғатымыздың тазалығы үшін күн сайын күресуге дайынбыз. Біз біріге отырып, өзіміздің және ұрпағымыздың болашағын жарқын қыла аламыз», – деп түйіндеді сенбілікке қатысқандар.