Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза өлке» сенбілігі өтті.
Шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалық жұмыстарын жасап, қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға шақыру. Сенбілік Қарақия ауданы Құрық ауылы теңіз жағалауында өтті. 120-ға жуық жас сенбілікке қатысты және 4 техника жұмылдырылды.
Сенбілік барысында 75 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Айта кетейік, «Игі істер марафоны» ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тапсырысы негізінде орындалып жатыр.