30 шілдеде Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев облыс кәсіпорындарына жұмыстық сапарының барысында «CASPI BITUM» БК» ЖШС-ға барып, зауыттың өндірістік қызметімен, өндірістегі еңбек жағдайларымен танысты.
Ол серіктестіктің басшылығымен жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, олардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.