Түбектегі барлық теміржол мекемелері мен станциялардың сайланып шыққан командалары Маңғыстау станциясындағы спорт кешенінде өткен турнирде бас қосты. Жарысқа Бейнеу, Болашақ, Шетпе станцияларының құрамалары, бір ғана Маңғыстау станциясынан алты команда қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир нәтижесінде I орынға Маңғыстау жол дистанциясының, II орынға Маңғыстау қосалқы бөлімінің, III орынға Маңғыстау локомотив депосының командалары ие болды.
Сонымен қатар «Үздік футболшы» аталымын тепловоз машинисі Мұса Битан, «Үздік қақпашы» марапатын жол жөндеуші Ержан Ибрагим, «Үздік сұрмерген» номинациясын жол жөндеуші Саясат Садақбаев алды. Ал «Үздік шабуылшы» марапаты Болашақтан келген станция кезекшісі Мейрамбек Мархамбетовке бұйырды.
Жүлдегерлер кәсіподақ ұйымы тарапынан тиісті сый-сияпатпен марапатталды.
Шахида Жұман
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"