К 30-летию Независимости Казахстана | 04 мамыр 08:06

Маңғыстау теміржолшылары құм басқан жолды тазартуда. Видео

Құмды дауыл теміржолға қауіп төндіргендіктен Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы 10 рзд-Маната, 14 рзд-15 рзд сатыларында пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.

Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан таразтуға 2 арнайы жабдықталған жол техникасымен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді.

Шаң-тозаң жиі көтерілетін Маңғыстау облысында теміржолшылар желіні құмнан күн сайын тазартып тұрады десе де болады.

Сонымен қатар, кейбір учаскелерде қамысты және шпалды тор қоршаулар орнатылады.