Шара барысында Құрманғазы Есқазиев Компанияның өндірістік есебімен танысып, 2022 жылға қойылған мақсаттарына шолу жасады. Компания күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, кенорындардың өндірістік әлеуетін арттыру үшін қажетті бірқатар маңызды тапсырмаларды пысықтады.
Сонымен қатар, техника қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру секілді мәселер де кездесуде назардан тыс қалмады. Төраға орынбасары бұл салада жасалып жатқан жұмыстарға да оң бағасын беріп, қызметкерлер үшін лайықты еңбек және тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету бағытындағы қызметтер қарқынын үдете түсуге шақырды.