Жүк жөнелтушілер өтінімдері бойынша тамыз айына тасымалдауға тағы 164 вагонды тиеу жоспарланған.⠀
Пішен Атбасар, Арқалық, Қарағанды, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Орал, Шымкент және т.б. станциялардан жөнелтіледі. Жеткізілетін станциялар – Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқалары. Негізінен шөп «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны – «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарға тиеледі.