К 30-летию Независимости Казахстана | 22 ақпан 13:13

Маңғыстаудың шалғай ауылында алғаш рет газ құю бекеті ашылды

Маңғыстау облысының Сам ауылында алғаш рет газ құю бекеті ашылды, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Сам ауылы аудан орталығынан шалғайда орналасқандықтан ауыл тұрғындарының жеке автокөліктеріне газ құюы қиын болатын. Енді ауыл тұрғындары және жергілікті автокөлік жүргізушілері көгілдір отынды қажеттіліктеріне сай қалаған уақытында пайдалана алады. Жаңа станцияда автокөліктерге газды тәулік бойы құю қызметтері қарастырылған. Аталған бекет стандартқа сай жан-жақты жабдықталған», – деді Сам ауылдық округінің әкімі Нұрғабай Әлімбаев.