Жиында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштері жөнінде, кен орындардағы мұнай-газ қоры, копанияның мұнай-газ өндіру жоспарының орындалуы, геологиялық-барлау жұмыстары, экономикалық көрсеткіштер, кадрлық және әлеуметтік саясат туралы баяндама жасалды.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Мұрат Мұстафаев жиынға қатысушыларға Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы дайындаған компаниямыздағы әлеуметтік тұрақтылық деңгейін зерттеу жұмыстарының қорытындысы туралы айтып берді.
Кездесуде бас директордың әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай мұнайшыларды компанияның жаңа ұжымдық шартының жобасымен таныстырды.

Жиын соңында Жетібай кенорны еңбеккерлері басшылыққа сұрақтарын қойып өтініштерін жеткізді. Мұнайшылар көкейлерінде жүрген экологияға, кәсіби дәрежені көтеру, еңбекақы мен сыйақы төлеу, жұмыспен қамту сияқты сұрақтар қойып басшылық тарапынан толыққанды жауаптар алды.
