К 30-летию Независимости Казахстана | 09 ақпан 13:07

Маңғыстаумұнайгаз басқармасының құрамы өзгерді

Директорлар кеңесінің құрамынан Жақып Марабаев шығарылды.

Қазақстан қор биржасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жақып Марабаевтың «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан  шығарылғаны белгілі болды.

«Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (Ақтау) KASE Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 08 ақпанындағы шешімімен компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан  Жақып Марабаев – Директорлар кеңесінің мүшесі шығарылғаны туралы хабарлады» делінген ресми хабарламада.

Өзгерістерден кейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ басқармасы бес  адамнан тұрады. Олар: Фан Цзячжун, Найзабеков Б.Т., Пэн Чжисюн, Дун Сючэн, Елеманов Б.Д.