К 30-летию Независимости Казахстана | 12 тамыз 15:40

Маңғыстаумұнайгаз басшылығы есептік кездесулер өткізіп жатыр

«Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаларының еңбек ұжымдарымен есептік кездесулер өтті. Бұл кездесулерде компания басшылығы 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында жасалған жұмыстарды қортындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Есептік кездесулер барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Мұрат Мұстафаев өз әріптестеріне жаңа тағайындалған бірінші орынбасары Вэнь Цзяцзюньді таныстырды, содан кейін Жетібай мен Қаламқас мұнайшыларына мұнай өндіру, ұңғымаларды бұрғылау саласындағы негізгі өндірістік көрсеткіштерді таныстырды. Ол геологиялық-барлау жұмыстары, компанияның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері, әлеуметтік-кадрлық саясат және т.б. туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Кездесулер соңында дәстүр бойынша еңбек ұжымының сұрақтарына кезек келді: Жетібай мен Қаламқас мұнайшылары өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, компания қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша ұсыныс-пікірлерін айтты.

 

Бас директор мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары өз салалары бойынша қызметкерлердің қойған сұрақтарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толық жауап берді.

Қорытындылай келе, Мұрат Мұстафаев әріптестеріне жұмыс үшін алғысын білдіріп, ағымдағы жылдың өндірістік міндеттерін орындау үшін күш біріктіруге шақырды.