Сөз болып отырған волейболдан турнирді "AMANAT" партиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырды. Жарысқа екі топқа бөлініп, алты команда қатысты.
"Маңғыстаумұнайгаз" командасы "А" тобына түскен болатын, олар қарсыластарына бірде-бір мүмкіндік бермей, барлық матчтарында сенімді түрде жеңіске жетті.
Жартылай финалда мұнайшылар "Б" тобының екінші командасымен кездесіп, екі тартысты жарыста да өздерінің шеберліктерімен топ жарды.
Финалда біздің спортшылар құрамында қалалық білім бөлімінің қызметкерлері ойнайтын "Ақтау" командасымен кездесті. Мұнайшылар үшін шешуші матч өте жеңіл болатындай сезілді, алайда ойын оңайға соққан жоқ!
- Финал турнирдің нағыз сәніне айналды, - дейді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жетекші спорт нұсқаушысы Нұрлыбай Элубаев. - Волейболда партия 25 ұпайға дейін ойналады, қарсылас командадан кем дегенде 2 ұпай айырмашылық болуы қажет. Бірінші кезең 38:36 есебімен біздің пайдамызға аяқталды!!! Ойын аса тартысты өрбіп, қызуқанды жанкүйерлердің қиқуына ұласты. Екінші ойын да, біріншіден кем емес шиеленісті болып шықты: спортшылар әр ұтыс ойыны үшін шайқасты, бірақ нәтижесінде 25-23 есебімен "Ақтау" командасы жеңіске жетті, осылайша олар есепті теңестірді. Ойынның тағдыры үшінші кезеңде шешілді. "Маңғыстаумұнайгаз" командасы бұл жолы да білгенінен жаңылмай, тәжірибесінің арқасында жас қарсыластарын 15:6 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды!