Кездесуде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры Дәулетжан Хасанов қонақтарды компанияның өндірістік-әлеуметтік көрсеткіштерімен, мұнай өндіру динамикасымен, кенорындарында енгізілетін жаңа технологиялармен, экология, еңбекті қорғау және басқа да салалардағы бағдарламалармен таныстырды.
Өз кезегінде Марио-Инго Зоос компанияның жылы қабылдауына алғысын білдіріп, сондай-ақ «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның өндірістік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Және де қазақстандық және неміс компанияларының экономикалық және өндірістік байланыстарды нығайтатынына сенім білдіріп, екі тараптың да өзара қызығушылық тудыруы мүмкін жобалары бар екенін тілге тиек етті.
Атап айтқанда, неміс делегациясы кен орындарын декарбонизациялау жобаларын, жаңартылатын энергия көздері, консалтингтік, заңгерлік қызметтер және тағы басқа жобаларды талқылауды ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар түрлі мәселелер бойынша өзара іс-қимылдарын бірлесе жасауға дайын екендіктерін білдіріп, алдағы уақытта да іскерлік және өндірістік байланыстарды нығайтуға келісті.