Ол бұны Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен “Қаламқасмұнайгаз” ӨБ-ның 45 жылдығына арнады.
Эльбрус шыңы – әлемдегі ең қиын асулардың бірі. Оған көтерілу ерік-жігерді, төзімділікті және ұлы мақсатқа деген талпынысты талап етеді. Қайырбай Жарылғасов осы қасиеттердің бәрін көрсетіп, Эльбрус шыңына жетіп қана қоймай, сол жерде Компаниямыздың жалауын желбіретті. Әріптесіміздің бұл жетістігі бүкіл ұжым үшін үлкен шабыт көзі болып табылады.
Эльбрусты бағындыру оның жанқиярлық еңбегінің, тынымсыз ізденісінің және сүйікті ісіне деген адалдығының дәлелі. Осы орайда Қайырбай Жарылғасовты құттықтап, елге аман-есен оралуын тілейміз. Оның бұл ерлігі бәрімізді жаңа шыңдарға жетелейді!
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі