«Маңғыстаумұнайгаз» пандемияның алғашқы күнінен бастап жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықта өңір халқына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Компанияның демеушілігімен 11 шілде күні Ақтауға Мәскеуден 9 жоғары білікті дәрігер келді. Құрамында инфекционист-дәрігерлер, пульмонологтар, терапевтер, реаниматологтар және т.б. бар медициналық десант. «CОVID-19»-бен күресте елеулі тәжірибесі бар ресейлік мамандар бірден жұмысқа кірісті.
- Бұл қиын кезеңде тек бірлік пен бірлескен жұмыс бізге ауруды жеңуге, адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғауға көмектеседі, - деп атап өтті «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы. - Дәрігерлік қауымдастық бірлесіп аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды едәуір жақсарта алады деп үміттенеміз. Барлық ауырған отандастарымызға тезірек сауығып кетуді тілейміз. Өз кезегінде, біздің компания пандемиямен жаппай күреске өз үлесін қоса береді. Біз бірге қиындықтарды жеңеміз!
Естеріңізге сала кетейік, «Маңғыстаумұнайгаз» жергілікті денсаулық сақтау органдарына 20 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) мен 818 млн. теңгеден астам сомаға үш реанимобиль түрінде қайтарымсыз көмек көрсеткен болатын. Сонымен қатар, компания инфекциялық және провизорлық орталықтардың қызметкерлерін күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшылары да ерікті негізде оттегі балондарын жинауды, құюды және жергілікті ауруханаларға жеткізуді ұйымдастырғанын да атап өткен жөн.
Біз біргеміз!