К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қыркүйек 16:28

Маңғыстаумұнайгаз: Жарыс алдындағы жігерлендіру

Компания Басқармасы осы жылдың мамыр айында өткен «Үздік маман-2023» кәсіби шеберлік байқауында жеңімпаз атанған - «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының қызметкерлерімен кездесті.

Сыннан сүрінбеген әріптестеріміз енді 14-17 қыркүйек аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен өтетін кәсіби конкурсқа қатысады. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бірқатар қызметкерлері қазылар алқасының мүшесі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның кәсіби шеберлік байқауында төрағалық етеді. Байқаудың теориялық бөлігі «Риксос» демалыс аймағында, практикалық бөлігі «Қаражанбасмұнай» АҚ өндірістік алаңдарында өткізіледі.

Кездесуде Мұрат Мұстафаев пен Сюй Шиго байқауға қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, бүкіл ұжым өз әріптестерінің жеңісіне қолдау көрсетіп, сенім артатынын жеткізді.