2017 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ үздік әлемдік тәжірибелерге сай болу мақсатында сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменттері саласында біріктірілген менеджмент жүйесін енгізді және 5 жыл бойы олардың сертификаттық қоғам алдында сәйкестігін растаудан сәтті өтіп келеді.
2022 жылы кезекті инспекциялық аудитті сертификаттау саласындағы көшбасшы болып табылатын TUV AUSTRIA халықаралық компаниясы жүргізді.
Жоғарыда аталған стандарттарға сәйкестікке сертификаттау көптеген жылдар бойы Қоғам өндіретін өнімнің сапасын жалпы қабылданғанын растау болып табылады, ал ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 сертификаттарының болуы – бұл компанияның сенімділігінің маңызды дәлелі, сондай-ақ Қоғам басқармасының қоршаған ортаға, қызметкерлердің денсаулығына және сапалы өнім шығаруға қатысты жауапты ұстанымы туралы мәлімдеме.