Бағдарлама жан-жақты дамытуға бағытталған төрт блоктан тұрады: «Психология және корпоративтік басқару», «Мұнай мен газ өндіру, ұңғымаларды жөндеу технологиялары мен жабдықтары, Татнефть компаниясының тәжірибесі», «Үнемді өндіріс», «Экономика негіздері», «Еңбекті қорғау», «Шешендік өнер» және басқалар.
«Қаламқасмұнайгаз» ӨБ мен «Жетібаймұнайгаз» ӨБ түрлі цехтарында қызмет ететін он алты шебер осы бағдарламалар бойынша дәріс алатын болады. Алғашқы оқыту модулінің тақырыптары: басқару психологиясы, қарамағындағы қызметкерлерді оқыту, өндірістік процесстерді басқару.
Алғаш рет өтейін деп жатқан модульдік оқыту бағдарламасының ашылу салтанатына арнайы келген Бас директор Дәулетжан Хасанов шара қатысушыларын құттықтай отырып, елеулі жетістіктер мен телегей табыс тіледі.
Оқудың төрт модулін сәтті аяқтаған мамандар тек білімін жетілдіріп қана қоймай, өздерін жақсы жағынан танытуға, қызу талқылауларға қатысуға, сыртелдік және қазақстандық эксперттердің тәжірибесін игеруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, модульдік оқыту бағдарламасының оқытушылары мен ұстаздары ретінде ресейлік көшбасшы компания «Татнефть» мекемесіне қарасты кадр даярлау орталғығының эксперттері қызмет ететінін қаперіңізге бере кеткен жөн. Оқыту бағдарламасында ЦПК-Татнефть эксперттерінен бөлек «ҚМГ инжиниринг» эксперттері мен сыртқы бизнесс тренерлер қызмет көрстеді.
Бағдарламаның еңі құнды жері – оқуға жолдама алған мамандар топтарға бөлініп компания қызметі тиімділігін арттыруға арналған тың жобалар жасақтаумен айналысатын болады. Осы жұмыстардың өнімділігін арттыру үшін әр топқа «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік блоктан бір жетекші беріледі. Нәтижесінде, ең өміршең жобалар өндіріс алаңдарында іске қосылуы мүмкін.
Модульдік оқыту бағдарламасының толық курсы 2022 жылғы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.