К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қараша 14:40

Маңғыстаумұнайгаз кен орындарына 367 түп ағаш отырғызылды

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асырды.

Бұл бастама Қаламқас және Жетібай кенорындарында 367 түп ағаш отырғызуды қамтыды. Өңірдің экологиялық жағдайын жақсартып, өндіріс аймақтарында қолайлы әрі салауатты еңбек ортасын құруды көздеген шарада әрбір цех пен өндіріс алаңының жасыл желекке бөленуіне ерекше назар аударылды.

Күзгі көгалдандыру бірнеше кезеңге бөлініп, жүзеге асырылды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниялары бірлескен акциядан бастау алған шара жақында мәресіне жетті. Мұнайшылар отырғызылған көшеттердің сапасы мен топырақтың мұқият дайындалуына айрықша мән беріп, ағаштардың жерсініп, өсуі үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Компания табиғатты қорғау мен экологиялық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстарын одан әрі дамытуды көздейді. Экологияға қосқан үлес – болашақ ұрпаққа жасалған маңызды аманат.