К 30-летию Независимости Казахстана | 13 мамыр 16:11

Маңғыстаумұнайгаз: Көмекке әрқашан дайынбыз

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшылары көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда.

Ынтымақтастық пен қолдаудың белгісі ретінде компания жұмыскерлері зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында ақшалай қаражат жинауды ұйымдастыруға бірауыздан шешім қабылдады.

Жұмыскерлердің қаражаты «Мұнайлы Өлке» қайырымдылық қорына аударылып, зардап шеккен тұрғындардың қажеттіліктеріне бөлінді.

«Топан су басу жағдайы – бәріміз үшін ауыр драма, – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры Нұрлан Илмуханбетов. – Біз ел басына туған осындай қиын-қыстау күндерде бірігіп, бір-бірімізге көмектесуіміз керек».