Осыған орай, Қоғам Басқармасының мүшелеріне, Бас директорлардың орынбасарларына және Қоғамның құрылымдық және өндірістік бөлімшелерінің басшыларына «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды бақылау кезінде кандидаттар мен ұйым қызметкерлерінің этикалық адалдығын қамтамасыз ету» тақырыптары бойынша кезең-кезеңімен оқыту жоспарланған.
Бірінші кезең аясында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша «Жоғарыдан үн» көрсетілімі ретінде, 2025 жылдың 28-29 тамыз аралығында Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшылығының тікелей қатысуымен 25 адам оқытылды, оның ішінде Қоғамның басқармасы мүшелері мен бас директордың орынбасарлары да болды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады және жақын арада өндірістік басқармалардың қызметкерлерін қоса алғанда, тағы да 75 қызметкерді оқыту күтілуде.