К 30-летию Независимости Казахстана | 17 қараша 14:00

Маңғыстаумұнайгаз: Қызметкерлер қауіпсіздігі – басты міндет

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Қаламқас, Жетібай кенорындарында Компания Басқармасының қатысуымен 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі Компанияның тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының отырысы өткізілді. Жиналысқа құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас мамандар мен цех, участке бастықтары қатысты.

Жиналысты Компания бас директоры М.К. Мұстафаев ашты. Жиында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Б.Б. Ләтіп өндірістік құрылымдық бөлімшелерде 10 айда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Баяндамада Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау департаментінің кенорындардағы тексеріс нәтижелері мен орындалған бірқатар жұмыстар туралы айтылды.

2023 жылдың 9 қарашасында компания бас кеңсесінде мердігер ұйымдарымен 2023 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі компанияның тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының отырысы өтті.

 

Бұл отырысқа 30-дан аса мердігер ұйымдардың бірінші басшылары мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің мамандары қатысты. Компания бас директоры М.К. Мұстафаев төрағалық еткен бұл жиында Б.Б. Ләтіп мердігер ұйымдармен 10 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада мердігер ұйымдарда болған келеңсіз жағдайлар, тексеріс қортындылары сонымен қатар қауіпсіздік мәдениетін нығайту мақсатында болашақта бірігіп атқарылуы қажет бірқатар жақсы ұсыныстар айтылды.

Алдағы уақытта мердігер ұйымдардың бірінші басшыларымен осындай жиналыстарды тоқсан сайын өткізіп тұру жөнінде және келесі жиналыстарда мердігер ұйымдар да атқарылған жұмыстары туралы есеп беріп тұратын болып келісілді. Сондай-ақ мердігер ұйымдардың бірінші басшылары, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, жол қозғалыс қауіпсіздігі жөнінде бірқатар міндеттемелерді қабылдады.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қоршаған ортаны қорғау департаменті