Шараны Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасының тапсырысымен «Риза Ана» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Конференцияның негізгі мақсаты – жастарды түрлі салаларда табысқа жетуге ынталандыру және оларға қажетті білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.
Конференцияға әртүрлі салалардағы танымал және тәжірибелі мамандар шақырылды. Олардың қатарында қаржы сарапшысы Шолпан Түсіпбекова, қаржылық кеңесші Асель Тлеуғалиева, ақпарат саласының үздігі Рахат Қосбармақ, мазмұндама жобасының негізін қалаушы Шыңғыс Мұқан, IT аналитик Тимур Бектұр, мотивациялық спикер Айсұлу Сүлейменова, және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Имашев бар.
Конференция барысында спикерлер өздерінің тәжірибелерімен, өмірдегі қиындықтарды қалай жеңіп шыққандықтарымен бөлісті.
«Нөмірі жетінші спикер» конференциясы Маңғыстау жастары үшін өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға тамаша алаң болды. Конференцияға қатысушылар пайдалы ақпарат алып, мотивациямен оралды.