Соның бір көрінісі - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ желтоқсан айында Жастар форумын ұйымдастырған болатын. Нәтижесінде Қоғамның Жас мамандар кеңесінің жұмысы қайтадан қолға алынып, жаңа белестерді бағындыруға қадам басты. Жас мамандар кеңесі өз жұмысын 2014 жылдан бері жүргізіп келеді. Осы уақытқа дейін әртүрлі деңгейдегі мәдени, бұқаралық шараларды абыройлы атқарып, жастар кеңесі мен мекеменің дамуына айтарлықтай үлес қосып келген болатын.
Аталмыш форумда Жас мамандар кеңесінің төрағасы болып бірауыздан компанияның әлеуметтік саясат департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы Нұрбол Еділов сайланды. Еділов Н. – Каспий университетінің түлегі. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек жолын 2012 жылы ҚҚҰЦ-дан бастады. Кейін ЕҚжЕҚ ҚОҚ департаменті, экология қызметінде жұмыс жасады. 2023 жылдан бастап ӘСД маманы болып ауысты. Өзінің қызметтік міндетімен қатар кеңес жұмыстарын қоса алып жүруге бел буған ол бірқатар жоспарлар мен мақсат-міндеттерді алға қойып отыр.
Сондай-ақ, Жас мамандар кеңесінің «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бойынша кураторлары: МДӨЦ операторы А. Жарылғасов пен №2 цех шебері Б.Жұмаханов сайланды. Ал, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ бойынша №4 МГӨЦ операторы Қ.Нартайұлы мен №4 МГӨЦ слесарі Н.Асабаев сайланды.
Бүгінгі таңда Жас мамандар кеңесінде 600-ден астам жас маман тіркелген. Өзінің оқырман клубы, ағылшын тілін оқыту клубы бар. Енді алға қойып отырған мақсат – жас мамандарды біліктіліктерін көтеру үшін оқуға жіберу, өнерлі мұнайшыларды қолдау бағытындағы жұмыстарды жүргізу сияқты толып жатқан шаралар.
Жас мамандар осындай жұмыла атқарылатын істер нәтижесінде Қоғам қызметкерлері аға буынының мұрагері болуға және компанияның дамуына өз күштері мен білімдерін жұмсай отырып, өндірістің озық шеберлерінің даңқты жолын жалғастырады деп сенеміз. Сондықтан Компанияда жастар саясатын сәтті жүргізу арқылы болашақта оңтайлы шешімдер қабылдауға, қазіргі заманның кез келген сын-тегеуріндеріне қарсы тұруға, жаңа перспективалы жобалар ұсынуға және қоғам мүддесі үшін, мемлекет игілігі үшін мәселелерді шешуге қабілетті лайықты, тәжірибелі, жоғары білікті мамандар шығаруға мүмкіндік мол деп ойлаймыз.
P.S. 25 қантар күні Бас директоры әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұрпейіс Сәрсенбай және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Мұқаш Оралбайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында кен орындарындағы бос уақытты жақсарту, оқыту, біліктілікті арттыру және мансаптық өсу, сондай-ақ жас мамандарды мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға тарту мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар компанияның игілігі үшін өзара ынтымақтастықты дамытуға келісті.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі