Жұмыс құралдарымен жарақталған 100-ден астам мұнайшы қаланың жағалау аймағын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бірнеше сағаттың ішінде мұнайшылар аумақты толығымен тазалап, қоқыстарды жинап шығарды.
«Ақтау – біздің ортақ үйіміз, біз оған үлкен қамқорлықпен қарауымыз керек», – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ӘҚД жетекші инженері Нұрлан Теңізбаев. – Сондықтан қаланы күтіп, таза, ұқыпты ұстауымыз керек. Ал сенбіліктер болса біздің, қала тазалығын сақтауға тамаша мүмкіндік беретін, игі дәстүріміз.
Сенбілік соңында компания қызметкерлері тағы бір тамаша шараға – спорттық жарысқа қатысты. Қызметкерлерді ортақ игілікке жұмылдыру - ұжымды біріктірудің керемет амалдарының бірі екені баршаға мәлім. Сенбілік те, спорттық ойындар да ұжымның ынтымағы мен корпоративтік рухын көтерудің және команданы біріктірудің тамаша тәсілі болып табылады.