«Қазіргі таңда, індеттің таралуына жол бермеу үшін Маңғыстау облысында көптеген жұмыстар атқарылды. Демеушілердің қолдауымен де талай игі істер атқарылғанын атап өткен жөн. Алайда, індет толығымен жойылып кеткен жоқ және халықтың денсаулығына әлі де қауіп бар. Сондықтан күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстанғанымыз жөн. Халыққа осы бағытта әлі де түсіндірме жасауымыз қажет», - деді облыс әкімі медаль иелерін марапаттау рәсімінде.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ пандемия кезінде жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден астам демеушілік көмек көрсетті. Соның ішінде 20 ӨЖЖ аппараты мен үш реанимобиль, облыстық ауруханаға компьютерлік томограф сатып алынды, сонымен қатар компания өңірге Мәскеуден жоғары білікті дәрігерлер тобының келуін ұйымдастыру бойынша шығындарды өз мойнына алды.